Жеке тұлғаларға телекоммуникация қызметтерін 

                                         көрсетуге арналған ШАРТ 

Осы Шарт бұдан әрі «Оператор» деп аталатын, «Транстелеком» акционерлік қоғамының, оның атынан және мүдделерін қорғау үшін әрекет ететін, бұдан әрі «Дилер» деп аталатын «ТОО Компания NAMS» ЖШС/ЖК бірінші тараптан, жеке тұлғаларға телекоммуникация қызметтерін көрсету шарттары мен тәртібін анықтайды және бұдан әрі «Абонент» деп аталатын (ЖСН__________________________) екінші тараптан, Шарт бойынша Абонент және Оператор бірге «Тараптар», бөлек алғанда жоғарыда аталғандай «Тарап» деп аталады. 

                                                1. Шарттың мәні 

1.1. Шарттың талаптарына сәйкес Оператор Абонентке, Шартқа қосылу туралы өтініш бойынша (№1-қосымша) Абонент таңдаған телекоммуникация қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетеді, ал Абонент көрсетілген Қызметтерге уақытында және толық көлемде төлем жасауды міндетіне алады. 

1.2. Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қосылу шарты болып табылады. Шарттың талаптарын Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз бетінше белгілейді және оны Абонент Шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдайды. 

1.3. Абонент Шарттың талаптарымен келіспеген жағдайда, Абонент Дилерге жазбаша өтініш беру арқылы Шартты бұзуға құқылы (№2- қосымша). 

1.4. Қызметтер тізбесі, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, Қызметті қосуға Абоненттің қалауын білдіретін Абоненттің Шартқа қосылу туралы өтінішінде (№1-қосымша) көрсетіледі. 

1.5. Жаңа Абоненттің Өтінішке қол қоюы, оның Шарттың талаптарымен сөзсіз келісетінін және оған тұтастай қосылатынын білдіреді. 

1.6. Шарт күшіне енген күннен бастап Абонентке Қызметтерді көрсету талаптары осы Шарттың талаптарына сәйкес анықталады. Абоненттің Шарттың талаптарына қосылудан бас тарту туралы Өтінішінің Дилерге көрсетілген мерзімде түспеуі, Абоненттің осы Шартта көрсетілген талаптарды орындау бойынша әрекеттерді жасауы (Қызметтерді пайдалану, қызметтерге төлем жасау және т.с.с.) Абоненттің Шарттың талаптарын сөзсіз қабылдағанын және оның Шартқа тұтастай қосылғанын білдіреді. 

1.7. Шарт бойынша Абонент Қызметтерді Оператордың таңдалған тарифтік жоспарына және Дилердің Қызметтерді ұсыну талаптарына сәйкес пайдаланады және Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда көрсетілген Қызметтерге ақы төлейді. 1.8. Егер Оператор Қызметтердің тарифтерін Шартта белгіленген тәртіппен өзгертіп, Абонент оларды қолданысқа енгізудің белгіленген мерзімі өткенге дейін өзгертілген тарифтермен келіспейтіні туралы Операторға Өтініш бермесе немесе Қызметтерді пайдалануды, көрсетілген Қызметтер және тағы басқалар үшін төлем жасауды жалғастырса, мұндай әрекеттер Абоненттің осындай өзгерістермен келісетінін білдіреді. 

                       2. Қызметтерді көрсетудің талаптары 

2.1. Қызметке қол жеткізу үшін Өтініш беруші Операторға Шартқа қосылу туралы Өтініш береді. 

2.2. Өтініш беруші Шартқа қосылу туралы Өтініште көзделген тәртіпте және Шарттың 

2.1. тармағында көрсетілген талаптарды сақтап Қызметтерге ақы төлеген жағдайда, Өтініш беруші өзінің осы әрекетімен Шартқа қосылады, Шарттың талаптарын қабылдайды және Оператордың Абоненті болып табылады. 

2.3. Оператор көрсететін Қызметтерді Абонент жеке, отбасылық, үй жағдайында немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де қажеттіліктер үшін ғана пайдаланады, лотереялар, дауыс беру, конкурстар, викториналар, жарнама, сауалнама жүргізу, хабарламаларды жаппай тарату және т.б. үшін пайдалана алмайды. 

2.4. Жаңа Абоненттердің Шартқа қосу мына талаптардың барлығы орындалған кезде мүмкін болады: 1) Абоненттің Өтінішінде көрсеткен бастапқы деректерімен Қызметтерді көрсетудің техникалық мүмкіндігі болғанда; 2) Қызметтерге жазылу кезінде Абонент көрсеткен бастапқы деректер дұрыс болып табылғанда. 

2.5. Абонент пен Оператор арасында жасалған байланыс қызметтерін көрсетуге арналған басқа шарттар бойынша Абоненттің Оператор алдында қарызы жоқ. Абонентке абоненттік жабдықты беру (ADSL-модем, SIPтерминал, CDMA-терминал, STB-приставка және т.б.) (бұдан әрі - Жабдық) жалға беру жағдайында, жабдықты қабылдау-тапсыру актісімен реттеледі. 

2.6. Жабдықтарды сатқан жағдайда, талаптары бөлек тиісті шартпен анықталады. 

2.7. Абонент Дилерге жүгінген кезде жазбаша өтініш беру арқылы қолданыстағы бағдарламалық топтаманы/ тарифтік жоспарын өзгертуге құқылы. 

2.8. Егер Абонент Қызметтерді Тестілеу режимінде алса, онда мұндай режим/ мерзім аяқталғаннан кейін Абонент қызметтерге төлемді Оператордың қолданыстағы тарифтеріне сәйкес төлейді. 

2.9. Абонент, осы Шартқа қосыла отырып, Оператордың дербес деректерді жинау, өңдеу үшін, сондай-ақ дербес деректерді қорғау туралы саясатта көзделген өзге әрекеттерді жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы екендігімен келіседі және оған қарсылық білдірмейді.Абоненттің дербес деректерді жинау мен өңдеуге қатысты келісімін қайтарып алуы Абоненттің өтініші бойынша жүргізіледі. Қызметтерді көрсету мүмкіндігі Операторда Абоненттің дербес деректерінің болуына тәуелді және келісімін қайтарып алған жағдайда Қызметтерді көрсету тоқтатылады. 

2.10. Абонентке меншік құқығымен тиесілі емес үй-жайда Абонентке Қызметтер көрсетілген жағдайда, Дилер көрсетілген құжаттардың кез келгенінің негізінде Абонентке Қызмет көрсетеді: 

1) жалдау, қосалқы жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімді басқару шарты және Абонент пен үй-жайдың меншік иесінің арасында жасалған басқа шарт; 

2) үй-жайды алуға негіздеме болып табылатын өзге де құжат; 

3) Қызметтерді көрсетуге үй-жай меншік иесінің жазбаша келісімі. 

2.11. Оператор «TV Commerce» ЖШС атынан Абоненттерге телевидение қызметін көрсетеді. 

          2. Шарттың күшіне енуі және оның қолданыс мерзімі 

3.1. Шарт Абонент Шартқа қосылуға Өтініш берген күннен бастап күшіне енеді (№1 қосымша) және заңда және Шартта белгіленген тәртіппен тоқтатылғанға дейін әрекет етеді. 

3.2. Абонент осы Шартта және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген талаптарды бұзған жағдайда, Оператор/Дилер Шартты біржақты тәртіппен бұза алады. 

3.3. Көрсетілген Қызметтер үшін берешекті Шартты бұзу күніне дейін Дилерге төлегенде және абоненттік жабдықты қайтарғанда, Шарт Абоненттің жазбаша түрде білдірген бастамасымен бұзылуы мүмкін. 

3.4. Оператор/Дилер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және Шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып, Шартқа өзгерістерді және/немесе толықтыруларды мұндай өзгерістердің және/немесе толықтырулардың күшіне ену күніне дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, хабарлама жіберу арқылы енгізе алады. Абонент өзгерістермен және/немесе толықтырулармен келіспеген жағдайда, осындай өзгерістердің және/немесе толықтырулардың күшіне ену күніне дейін Операторға жазбаша өтінішті жіберіп, Шарттан бас тартуға құқылы.

 3. Көрсетілетін қызметтердің құны мен есеп айырысу тәртібі 

4.1. Төлем жүйесі аванстық, Абонентпен жасалады (ағымдағы айдың соңғы күнінен кешіктірмей); 

4.2. Аванстық төлем жасау тәсілі кезінде: 

1) Абонент Есептік кезең үшін айдың 1-ші күніндегі жағдай бойынша дербес шотында көрсетілетін Қызметтерге бекітілген ай сайынғы төлемдер және қалааралық, халықаралық қосылыстар және ұялы операторлардың абоненттерімен қосылыстар қызметтерін көрсетуге, сондай-ақ ақылы анықтамалар мен басқа да телекоммуникация қызметтерін ұсынуға болжанатын шығындар сомасының болуын қамтамасыз етуді міндетіне алады. Есептік кезең болып күнтізбіелік айдың бірінен бастап соңғы күніне дейінгі аралық танылады; 

2) Абоненттің дербес шотындағы қалдық көрсетілетін Қызметтер үшін бекітілген ай сайынғы төлемдер сомасынан аз болған жағдайда, Оператор Қызметтерді көрсетуді тоқтатады; 

3) Қызметтерге қолжетіміділікті жаңғырту Абоненттің дербес шотына Қызметтер үшін ай сайынғы бекітілген төлемге тең немесе одан аз емес алдын ала төлем түскеннен кейін не Абонент алдын ала төлем енгізгені туралы құжатты көрсеткеннен кейін жүргізіледі; 

4) Шарт Абоненттің бастамасымен бұзылған жағдайда алдын ала төлем сомасы (бар болған жағдайда) Абонент көрсеткен шотқа Шарт бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде аударылады немесе Абоненттің өтініші бойынша басқа дербес шотқа аударылады. 

4.3. Оператор тарифтік жоспарларды, олардың қолданыс мерзімін, оларға қосылған Қызметтердің көлемін, сондай-ақ Шарттың өзге де талаптарын анықтайды және Оператор Шартта белгіленген тәртіппен өзгерте алады. Үшінші тұлғалардың қызметтерін ұсыну талаптарын осындай қызметтердің жеткізушілері анықтайды және тиісті жеткізушілер белгілеген тәртіппен өзгеруі мүмкін. 

4.4. Қызметтерге ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер (есеп айырысу-кассалық бөлімшелер), төлем терминалдары, Интернет-банкинг және заңға қайшы келмейтін басқа тәсілдер арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу әдісімен осы Дилердің банктік деректемелері бойынша жүзеге асырылады. 

4.5. Көрсетілген Қызметтер үшін шотты алмау Абонентті көрсетілген Қызметтер үшін төлем жүргізу міндетінен босатпайды. 

4.6. Техниқалық ауқаулар туындаған жағдайда, абоненттік төлем осындай ауқауларды жою кезіңіне есептеледі (бірақ әрбір жекелеген жағдайда 72 сағаттан көп емес). Оператор ауқауларды 72 сағаттан ұзақ уақыт түзесе, Оператор абоненттің өтініші негізінде Абоненттік төлемді қайта есептейді. 

5. Тараптардың міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктері                                            5.1. Оператор/Дилер: 

5.1.1. меншікті жабдығының көмегімен көрсетілетін Қызметтердің санына есеп жүргізуге және сапасын бақылауға, Қызметтерді көрсетудегі бұзушылықтардың алдын алу және жою шараларын уақытында қабылдауға; 

5.1.2. Абонентке Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тізбеге сәйкес жедел шақыру, жедел медициналық жәрдем, құқық қорғау, өртке қарсы, авариялық және басқа да қызметтер жүйесінің операторларымен тегін қосылыстарды ұсынуды қамтамасыз етуге; 

5.1.3. Абоненттің өтінімі бойынша Оператор кінәсінен болған және Қызметтерді пайдалануға кедергі келтіретін бұзылымдарды белгіленген мерзімдерде және тиісті деңгейде жоюға; 

5.1.4. Шартпен белгіленген тәртіппен Абонентке Қызметтер көрсету талаптарының және басқа да талаптардың өзгергені туралы хабарлауға; 

5.1.5.бүлінімді жою мерзімі Абоненттің бастамасы бойынша ұзартылған жағдайды қоспағанда, байланыстың болмауына Абоненттің кінәсі болмаған жағдайда Қызметтер көрсетудің абоненттік төлемін қайта есептеуді жүргізуге; 

5.1.6. Абонентке басқа байланыс операторлары көрсететін қалааралық, халықаралық байланыс қызметтерін алу мүмкіндігін ұсынуға; 

5.1.7. тиісті өтініш негізінде деректер беру қызметтерін орнату мекенжайы бойынша абоненттік жабдықты күйге келтіруге және оның жұмыс жасап тұрғанын көрсетуге міндетті. Мұндай қызмет құны Оператордың баға тізбесіне сәйкес анықталады; 5.1.8. Абонент жеке кабинетте бірінші авторландырудан өткеннен кейін сәйкестендіру кодын қайтадан пайдалану мүмкіндігіне жол бермеуге; 

5.1.9. Абонент таңдаған тарифтік жоспар талаптарына сәйкес деректер берудің меншікті торабына дейін деректер беру сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуге; 

5.1.10. айына бір мәрте көрсетілген қызметтер үшін шоттар ұсынуға; 

5.1.11. телефон шалу нөмірлері бойынша телефонмен кеңес алу мүмкіндігін ұсынуға; 

5.1.12. Абоненттің өтініші бойынша Оператордың жауапкершілік аймағындағы бүлінімдерді жоюға; 

5.1.13. Шарт бойынша Қызметтерге төлем дер кезінде жүргізілмегені үшін қолжетіміділікті жабу барысында Абоненттің дербес шотына берешек сомасы және басқа төлемдер түскен немесе берешектің өтелгенін растайтын құжат көрсеткен күннен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Қызметтерге қолжетімділікті ашуға; 

5.1.14. Абоненттің талабы бойынша Қызметтер көрсетумен байланысты ақпаратты ұсынуға; 

5.1.15. Абоненттің жазбаша өтініші бойынша жеке кабинетке қолжетімділікті алу үшін авторландырылған деректер немесе сәйкестендіру кодын олар жоғалған кезде хабарлауға міндетті. Абонент өтініште жеке куәлігінің көшірмесін қоса бере отырып, Т.А.Ә., дербес шотын және ақпаратты беру тәсілін (пошта, электрондық пошта, факс және т.б.) көрсетуі тиіс. Авторландырылған деректерді алу үшін Абонентті сәйкестендіргеннен кейін өтініштер қабылдауға болады;

5.1.16. жаңа автоматты телефон стансыларын пайдалануға енгізуге және жергілікті телефон желілерін қайта құрумен байланысты абоненттік нөмірлерді ауыстыру барысында қайта қосудың болжалды күнінен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын алдағы қайта қосу туралы Абонентке хабарлауға. Абоненттік нөмірлер жаппай өзгергенде, Абоненттерді бұқаралық ақпарат құралдары және/немесе Оператордың www.ttc.kz сайты арқылы қайта қосу күнінен кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын хабардар етуге. Оператордың бастамасы бойынша абоненттік нөмірлерді ауыстыруды тегін жүргізуге; 

5.1.17. жауапты сақтауға берілген абоненттік жабдық ұрланған жағдайда Абоненттен Жабдық құнын өтеуді уәкілетті құқық қорғау органынан тиісті құжат ұсынылғанда талап етпеуге міндетті. 

                                               5.2. Абонент: 

5.2.1. Дилердің (Оператор көрсеткен) Қызметтері үшін уақытында және толық көлемде төлем жасауға, сондай-ақ басқа да есептеулерді, төлемдерді, өсімақыны және алдыңғы кезеңдердің борышын (соның ішінде төлем жасамауына байланысты абоненттің кінәсінен Қызметтер болмаған кезеңде есептелген абоненттік төлемді) төлеуге; 

5.2.2.Қызметтерді пайдалану кезінде белгіленген техникалық талаптарды орындауға, Оператордың байланыс жабдығы мен желі жолдарын бүлдіруге және жұмысын бұзуға алып келетін әрекеттерді жасамауға, жергілікті телекоммуникация желісіне бұзылған, сәйкестік сертификаты жоқ абоненттік терминалдарды және жабдықты (телефон аппараттары, факстер, модемдер, SIP-терминалдар, VOIP-шлюздер, бағдарламалы телефондар және т.б.) қоспауға; 

5.2.3. Қызметтерді пайдалану кезінде туындаған бұзылымдар туралы Дилерге дереу хабарлауға, Оператордың талабы бойынша Қызметтерді алу үшін пайдаланатын терминалдың типін хабарлауға; 

5.2.4. Дилердің өкілдеріне қарау, жөндеу, жаңғырту және техникалық күтім жасау үшін терминалдар мен байланыс құралдары орналасқан үй-жай мен аумаққа кіруді қамтамасыз етуге; 

5.2.5. Дилерге бір ай мерзімде өзінің кететіні, телефондандырылған үй-жайларды сатқаны, тегінің, атының, әкесінің атының, мекенжайының өзгергені туралы хабарлауға; 5.2.6. өз үй-жайындағы абоненттік желіжол, терминал және абоненттік Жабдықты жұмыс жағдайында ұстауға; 

5.2.7. үшінші тұлғаларға Абоненттің авторландыру, аутентификациялық деректерін және сәйкестендіру кодын жарияламауға, өз ресурстарын оларды үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалануына кедергі болатындай етіп теңшеу бойынша тиісті шаралар қолдануға, көрсетілген үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалануына жол бермеу үшін интернетке қол жеткізу құпиясөзін және жеке кабинетке қол жеткізу паролін тұрақты түрде өзгертіп отыруға. Деректерді рұқсатсыз пайдалану фактілері анықталғанда, Дилердің байланыс телефондарына бірден хабарлауға;

 5.2.8. Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін Дилердің жазбаша келісімінсіз өзге тұлғаларға бермеуге, Қызметті үшінші тұлғаларға сатпауға, Қызметті Дилерге материалдық залал келтіретіндей дауыс трафигінің (ІР-телефония трафигін қоса алғанда) рұқсатсыз өндірілуін жүзеге асырмауға, Қызметтерді басқа абоненттердің тыныштығын қасақана бұзу мақсатында, адамның арнамысына тиетін, зорлық-зомбылық немесе лаңкестікті уағыздайтын, нәсілдік, ұлттық немесе діни қақтығысқа әкелетін материалдарды тарату үшін, бұзақылық немесе алаяқтық мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге;

 5.2.9. Қызметті дауыс трафигін (ІРтелефония трафигін қоса алғанда) рұқсатсыз пайдаланған жағдайда, Операторға келген залалды толық көлемде өтеп беруге; 

5.2.10. Шартты қолдану тоқтатылған жағдайда, Дилерге абоненттік жабдықты Қызметтерден бас тарту өтініші берілген күні немесе Қызметтерді ажырату жоспарланған күні жұмыс күйінде және тиісті деңгейде қайтаруға міндетті, бұлай болмаған жағдайда жабдықты қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген жабдық құнын Дилерге өтеп беруге;

 5.2.11.Өтініште көрсетілген мекенжайдан Қызметтерді және абоненттік жабдықты өз бетінше көшіруді жүргізбеуге;

 5.2.12. SIP-аккаунтты Абоненттің өтінішінде көрсетілген мекенжайда ғана пайдалануға; 

5.2.13.Оператордың желісі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ халықаралық заңнама талаптарына сәйкес тыйым салынған ақпаратты жібермеуге; 

5.2.14. Қызметтерден бас тартқан жағдайда Шартты бұзу күніне дейін дербес шот бойынша көрсетілген Қызметтер үшін берешекті Дилерге төлеп, бұл туралы оған жазбаша түрде хабарлауға; 

5.2.15. Оператордың жабдығы немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді баптауын өзгерту бойынша немесе олардың жұмысында ақаудың орын алуына әкелетін өзге де әрекеттерді жасамауға; 5.2.16. Оператордың немесе оның уәкілетті өкілінің рұқсатынсыз Қызмет арқылы авторлық немесе басқа да құқықтармен толық немесе ішінара қорғалған бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе басқа материалдарды жібермеуге, жарияламауға, көрсетпеуге және таратпауға; 

5.2.17. TCP/IP желіде (бұдан әрі – IPмекенжайларды) торапты (компьютерді немесе құрылғыны, мысалы, принтер немесе бағдарлауышты) бірегей айқындайтын 32 разрядты нөмірді және басқа желілік хаттамаларда пайдаланылатын мекенжайларды, сондай-ақ Оператордың желісіне деректер беру барысындағы басқа да қызметтік ақпаратты қолдан жасамауға; 

5.2.18. Оператордың желісінің ресурстарына рұқсатсыз қолжеткізу, желілік шабуылдар және желіні бұзуды жүргізу немесе қатысу, соның ішінде мыналарға бағытталған әрекеттерді жүргізу немесе қатысу фактілеріне жол бермеуге: а) Абонентке тиесілі емес Оператор желісі элементтерінің (компьютерлер, басқа жабдық немесе бағдарламалық жасақтама) қалыпты жұмысын бұзу; б) бағдарламалық жасақтама иелерімен немесе ақпараттық ресурс әкімшісімен келіспей, оларға артықшылықпен қолжетімділік алу (компьютерге, басқа жабдыққа немесе ақпараттық ресурсқа), сондай-ақ осы қатынауды кейіннен пайдалану (Абонентке тиесілі емес бағдарламалық қамтамасыз ету немесе деректерді жойып жіберу немесе түрлендіру);

 5.2.19. Қызметті Тестілік пайдалану кезеңі аяқталғаннан кейін, Қызметті одан әрі пайдаланудан бас тартатыны туралы Дилерге сайтта көрсетілген байланыс орталығына хабарласу арқылы немесе Оператордың сервис желісі орнына барған кезде жазбаша түрде ақпараттандыруға міндетті; 

                                            5.3. Оператор/Дилер: 

5.3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына, байланыс саласындағы басқа да нормативтік құжаттарға және техникалық талаптарға сәйкес Абонент орындауға міндетті техникалық талаптарды белгілеуге; 

5.3.2. Көрсетілген қызмет үшін төлемді уақтылы және толық көлемде алуға;

 5.3.3. Абонент Жабдықты пайдалану қағидаларын бұзған, телекоммуникация желісінде сертификатталмаған Жабдықты пайдаланған жағдайда, сондай-ақ алдын алу және жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде, авариялық жағдайда не азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға немесе шектеуге; 

5.3.4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осы Шартты орындау, қызметтерді көрсету, сондай-ақ ақпараттықанықтамалық қызмет көрсету мақсатында Абоненттердің жеке деректерін жинауға және өңдеуге; 

5.3.5. осы Шарттың 4-бөлімінде белгіленген мерзімде Дилердің қызметтеріне Абонент ақы төлемеген жағдайда, сондай-ақ Абонент Шарттың басқа талаптарын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Абоненттің телекоммуникация желісіне қолжетімділігін тоқтата тұруға; Телекоммуникация желілеріне қатынауды жаңғырту берешек толық көлемде өтелгеннен кейін немесе Шарт талаптарын бұзушылық жойылғаннан кейін жүргізіледі; 5.3.6. Абонент берешекті осы Шарттың 4- бөлімінде белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, төлем мерзімін кешіктіргені үшін әрбір кешіктірілген күнге берешек сомасының 0,1% мөлшерінде өсімақы есептеуге құқылы, бірақ бұл әрбір мерзімі кешіктірілген ұсынылған шот бойынша 30 күннен аспауы тиіс; 

5.3.7. пайда болған берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу немесе Шартты алдағы бұзу туралы кез келген қолжетімді тәсілмен Абонентке хабарлама жіберуге құқылы. Шартты бұзу Абонентті пайда болған берешек сомасын және айыппұлды төлеуден босатпайды; 

5.3.8. Абонентке Қызметтер үшінші тұлғалардың қызметтері (телефон, интернет кәбілдік/цифрлық телевидение және т.б.) қамтылған топтамамен ұсынылған жағдайда қызметтер топтамасы бойынша өсімақыны Шартқа сәйкес есептеуге;

 5.3.9. абоненттік терминалдар мен байланыс құралдарының техникалық инспекциясын жүзеге асыруға, бұзылған, сәйкестік сертификаты жоқ абоненттік терминалдарды ажыратуға; 

5.3.10. Абонент өз мәртебесін өзгертуге, Қызметтер төлемі бойынша жеңілдіктер алу немесе жоғалтуға қатысты Шарт талаптарын бұзған жағдайда ұсынылған Қызметтер құнын біржақты тәртіппен қайта есептеуге; 

5.3.11. Абоненттің жекелеген әрекеттері желінің қалыпты жұмыс істеуіне қатер төндірсе және/немесе осы Шартта және оған қосымшаларда көзделген талаптарды бұзса, оның әрекеттерін толығымен немесе ішінара шектеуді жүзеге асыруға;

 5.3.12. Қызметтердің тарифтері, оларды көрсету талаптары, төлем мерзімдері, Қызметтер тізбесі, түрлері мен құрамы және Шарттың басқа да талаптары өзгеретіні туралы кез келген қолжетімді әдіспен өзгерістер күшіне енетін күннен кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын хабарлама жариялау арқылы оларды біржақты тәртіппен өзгертуге; 

5.3.13. Абоненттің Шарт талаптарын бұзуы нәтижесінде келтірілген шығындардың орнын толтыруды Абоненттен талап етуге, сондай-ақ Дилерге тиесілі жабдығын Абонент бұзылымды жойған күнге дейін алуға және/немесе Шартты біржақты тәртіппен бұзуға; 

5.3.14. Абонентке берешегі бар екені, төлем жүргізу қажеттілігі туралы немесе өтініштерді қарау нәтижелері, тарифтердің өзгергені және т.б. жөнінде Абоненттің байланыс телефонының нөміріне, электрондық мекенжайына хабарлама жіберу арқылы және заңмен тыйым салынбаған өзге де тәсілмен хабарлауға; 5.3.15. Абоненттің қалауы бойынша Оператортың меншік құқығында тиесілі және үшінші тұлғалар алдында барлық міндеттемеден бос абоненттік Жабдықты жұмыс жағдайында және жабдықты қабылдау-өткізу актісі бойынша пайдалануға дайын күйінде жалға беру/өтеусіз пайдалануға беру талабымен Абонентке ұсынуға құқылы. 

5.2.20. Берешек толық төленбеу фактісі анықталған жағдайда Абоненттен төленбеген соманы талап етуге құқылы. Бұл ереже Шарт бұзылған Абоненттерге де қатысты қолданылады, бірақ Шарт бұзылған күннен бастап бір айдан аса уақыт өтпеуі тиіс. 

                                                   5.4. Абонент: 

5.4.1. телекоммуникация қызметтерін қолжетімді жүктемелер шегінде өзіне қажетті көлемде пайдалануға және Қызметтерді белгіленген сапада алуға; 

5.4.2. Оператордың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекетіне Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға; 

5.4.3. Абоненттің кінәсінсіз абоненттік терминалдың жұмыс істемеген, интернет желісіне қолжетімділік болмаған кезең үшін абоненттік төлем сомасын қайта есептеуді талап етуге (жазбаша түрде); 

5.4.4. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тізбеге сәйкес жедел шақыру, жедел медициналық көмек, құқық қорғау, өртке қарсы, авариялық және басқа да қызметтер жүйесінің операторын шақыру үшін телефон байланысын тегін пайдалануға; 

5.4.5. Оператордан деректемелері, жұмыс тәртібі, көрсетілетін Қызметтер, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету тәртібі туралы қажетті ақпарат беруін талап етуге;

 5.4.6. егер Оператор мен Абоненттің арасындағы жекелеген келісімдерде өзге жағдай көзделмесе, пайда болған берешекті және Оператордың Қызметтерді көрсетуге байланысты нақты шығыстарын төлеп, сондай-ақ Жабдықты қайтарған жағдайда (Оператор мұндай жабдықты жауапты сақтауға немесе жалға берген жағдайда) Шартты бұзу күніне дейін Операторға жазбаша хабарлау арқылы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

 5.4.7. жазбаша өтініші бойынша өз нөмірін анықтамалық-ақпараттық қызмет абоненттері тізімдеріне енгізуден бас тартуға; 

5.4.8. зияткерлік қызметтерді (лотореялар, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) алуға келісім беруге немесе бас тартуға құқылы. 

                                        5.5. Оператор/Дилер: 

5.5.1. егер жергілікті телекоммуникация желіжолдарына қосылған абоненттік жабдық Оператордың ресми сайтында орналастырылған, қолдануға ұсынылған жабдықтар тізіміне енгізілмеген болса, деректер беру жылдамдығы мен сапасы үшін; 5.5.2. Қызметтерді пайдалану нәтижесінде Абонент шеккен залалдар үшін; 

5.5.3. Дилерге тиесілі емес бағдарламалық қамтамасыз ету немесе жабдық жұмысында іркілістер болған жағдайда Қызметтер ұсынудағы үзілістер үшін; 

5.5.4. үшінші тұлғалар әкімшілік ететін дүниежүзілік интернет желісінің жекелеген тораптары мен ресурстарының қолжетімсіздігі үшін жауапты емес. Мұндай қолжетімсіздік жағдайлары байланыс үзілістері болып табылмайды. Дилер интернет желісі арқылы уақытша немесе тұрақты түрде қолжетімді емес деректер беру желісінің тораптарымен немесе серверлерімен ақпараттық алмасу мүмкіндігіне кепілдік бермейді. 

5.5.5. Абонент берешегін төлемеген жағдайда Қызметтер көрсету тоқтатылғаны үшін; 

5.5.6. үшінші тұлғалар деректер беру желісінде жұмыс істеу, Қызметтерге қол жеткізу мақсатында Абоненттің аутентификациялық/авторландыру деректерін және сәйкестендіру/тіркеу кодын пайдалануы нәтижесінде Абонент пен үшінші тұлғалар арасында туындаған даулар бойынша жауапты емес. Абонент пен үшінші тұлғалар арасында мұндай даулар туындаған жағдайда, Оператор оларды шешпейді. 

5.5.7. Жабдықтың, бағдарламалық қамтамасыз етудің ауыстырылатыны немесе Дилердің техникалық құралдарын жұмыс күйінде ұстау және дамыту қажеттілігінен туындаған басқа жұмыстар жүргізілетіні туралы Абонентке кемінде үш жұмыс күні бұрын алдын ала хабарланған жағдайда, Қызметтер ұсынудағы толық немесе ішінара үзілістер үшін; 

5.5.8. байланыс қызметтерін көрсетуде Операторға қатыссыз үзілістер үшін; 

5.5.9. Абонент Дилердің телефон консультациясы арқылы алған Дилердің нұсқауларын дұрыс орындамауынан Абонентте туындауы мүмкін жағымсыз салдарлар үшін; 

5.5.10. Абонент бұзылған және/немесе Дилердің талаптарына сәйкес келмейтін абоненттік Жабдықты пайдалануы салдарынан болған Қызметтердің қанағаттанарлықсыз сапасына, Қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуына немесе Қызметті көрсетудегі іркілістерге; 

5.5.11. басқа байланыс операторлары көрсететін қызмет сапасына; 5.5.12. Қызметтерді пайдалану кезінде Абонент беретін (алатын) ақпарат мазмұнына; 

5.5.13. базалық стансының орналасқан ауданына, қабылданатын сигналдың сапасына, яғни оның базалық стансыдан алшақтығына, жүктемесі көп сағатқа, қосылыс кезінде базалық стансы қызмет көрсететін абоненттер санына байланысты болатын интернет желісіне сымсыз қатынау кезіндегі жылдамдық пен сапаға жауапты емес. 

                                                    5.6. Абонент: 

5.6.1. Шартқа және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес міндеттемелерді орындауға; 

5.6.2. Абоненттің аутентификациялық деректерін және сәйкестендіру/тіркеу кодын үшінші тұлғалардың пайдалануына; 

5.6.3.көрсетілген Қызметтер мен есептелген өсімақыны уақытылы төлеуге; 

5.6.4. SIP-аккаунтты Абоненттің тіркелу мекенжайы бойынша ғана пайдалануға; 

5.6.5. бейнебақылау арқылы алынған деректерді таратуға, оның ішінде оны заңсыз пайдалануға; 

5.6.6. Абоненттің жауапты сақтауындағы Дилердің Жабдығын жұмыс күйінде және тиісті жағдайда уақытында қайтаруға жауапты, олай болмағанда, Абонент Дилерге жабдықтың құны көлемінде залалды өтейді. 

5.7. Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен қолданыстағы тарифтік жоспарды жою күнінен кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Абоненттерге алдын ала хабарлау қажет болатын қолданыстағы тарифтік жоспарды жою (толығымен алып тастау) жағдайларын қоспағанда, Оператордың біржақты тәртіппен Абонентті өзі таңдаған тарифтік жоспардан басқа тарифтік жоспарға ауыстыруға құқы жоқ. Егер жоғарыда көрсетілген мерзімде Абонент басқа тарифтік жоспарға ауыспаса, Оператор жойылған қолданыстағы тарифтік жоспарға мейлінше ұқсас басқа тарифтік жоспардың талаптарымен Абонентке қызмет көрсетуді жалғастыруға құқылы. 

5.8. Тараптарға бір-бірінің құқықтарын шектейтін немесе қандай да бір жолмен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауға тыйым салынады. 

5.9. Егер табиғи апат, ереуіл, әскери ісқимыл сияқты еңсерілмейтін күш жағдайларының, сондай-ақ Тараптар болуын алдын ала болжай алмайтын және қарсы тұра алмайтын басқа да оқиғалардың салдарынан Шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны, сондай-ақ оларды орындауды кешіктіргені үшін Тараптар жауапкершіліктен босатылады.

 5.10. Байланыс құралдары мен желіжолдарының жай-күйі үшін жауапкершілік оларға күтім жасау шекарасының бөлінісі (пәтер, ғимарат, қоршалған аумақ және т.с.с) және/немесе баланстық тиесілігі бойынша анықталады. Шекараға дейін байланыс желіжолдарына күтім жасауды Абонент өзі және өз есебінен жүргізеді, шекарадан кейін Оператордың күшімен жүргізіледі. 

                          6. Еңсерілмейтін күш жағдайлары 

6.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттерін жартылай немесе толық орындамау үшін жауапкершіліктен босатылады, егер ол еңсерілмейтін күш жағдайларының, атап айқанда: өрт, су тасқыны жер сілкінісі, әскери әрекеттер, блокадалар, экспорт немесе импортқа тыйым салу, мемлекеттік органдарының актілерін қабылдау және т.б. ықпалы салдарынан болып табылса, егерде бұл жағдайлар Шарт бойынша Тараптардың міндеттерін атқаруға тікелей әсерін тигізсе және Тараптар мұндай әсерге кедергі келтіре алмаған және болған жағдайда қолданылуын күтуге болатын, барлық мүмкін болатын шараларды және әрекеттерді қолданған жағдайда;

 6.2. Еңсерілмейтін күш жағдайы болған кезде, осындай жағдайда қалған Тарап, міндетті: 

6.3. Осындай жағдайда қалған Тарап осындай жағдайлардың туындаған күнінен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн аралығында екінші Тарапты жазбаша түрде хабардар етуі керек. Хабарламахатта еңсерілмейтін күш жағдайының толық сипаттамасы, осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін, Тарап қолдануды жоспарлап отырған мүмкін болатын салдар мен шаралар баяндалуы керек; 

6.4. Жоғарыда көрсетілген еңсерілмейтін күш жағдайы басталған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде екінші Тарапқа өз есебінен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлерінің палатасы немесе Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органымен берілген Шарт бойынша Тараптардың атауы, Шарттан шығатын жағдайлардың жалпы сипаттамасы, куәлік беруге өтініш білдірген тұлғаға нұсқауы, куәлік берілген күні және орны, еңсерілмейтін күш жағдайының болжамды әсер ету мерзімі, Шарт бойынша міндеттерді орындауға еңсерілмейтін күш жағдайының әсер ету деңгейі қамтылатын куәлік берілуін қамтамасыз етеді; 

6.5. Жоғарыда аталған, еңсерілмейтін күш жағдайының әсері туралы куәлікті рәсімдеу, ескерту мерзімі туралы, куәлік беру талаптары сақталмаған жағдайда, ешқандай жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары ретінде қарастырылмайтынына және Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелері алынып тасталмайтынына және қандай болса да шектелмейтініне келісті; 

6.6. Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары 60 (алпыс) күнтізбелік күннен артық созылса, онда әр Тарап Шарт бойынша міндеттердің одан әрі орындалуынан бас тартуға құқылы, осындай жағдайда Тараптардың біреуі де екінші Тараптан мүмкін болатын шығындардың өтелуін талап етуге құқығы жоқ. Осындай жағдайда Шарт бұзылуы мүмкін, сонымен қатар Абонент Операторға осы Шартты бұзған күнге нақты көрсетілген Қызметтер үшін төлем жүргізеді. 

                                             7. Басқа да талаптар 

7.1. Қызметтерді көрсету тиісті өтініште көрсетілген күннен бастап тоқтатылады, ал Оператор/Дилер жабдықты жауапты сақтау немесе жалға беру талаптарымен ұсынған жағдайда – Жабдықты тапсыру күнінен бастап тоқтатылады (осы Шартқа 2-қосымша).

 7.2. Барлық даулар Тараптардың келісімі бойынша шешілуі тиіс. Шарттан туындайтын даулар келіссөз арқылы шешіледі. Келісімге келмеген жағдайда, дау Қазақстан Республикасының соттарында шешілуге жатады. 

7.3. Оператор Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес және осы Шарттың талаптарын ескере отырып, Абонент ұсынған мәліметтерге қатысты құпиялықты сақтауды қамтамасыз етеді. 


ДИЛЕР: ТОО «Компания NAMS» 

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы обласы

Карасайский район село Айтей улица 2 квартал  дом 59\1

БСН 240440029784

ЖСК KZ058562203137401743 KZT

______________ (қолы, аты-жөні)